Қарағанды облысы ветеринариясының өзекті мәселелері

Қарағанды облысы ветеринариясының өзекті мәселелері

Қарағанды облысы ветеринариясының өзекті мәселелері

 Қазақстандағы ветеринария - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың алдын алуға, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнайы ғылыми білім мен практикалық қызмет саласы.

Ветеринариялық қауіпсіздік және халықты мал шаруашылығының сапалы өнімдерімен қамтамасыз ету, ветеринариялық қызметтердің тұрақты жұмысы елдің азық-түлік қауіпсіздігін анықтайды.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің ветеринария саласын жетілдіру мен реформалаудың өзектілігін атап өтті.

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының ветеринария басқармасында және оған ведомстволық бағынысты ұйымдарда жүргізген талдауы мен мемлекеттік аудитінде ветеринариялық желінің дамуын және өңірдің ветеринариялық-санитариялық салауаттылығын қамтамасыз етуін тежейтін проблемалар, олардың негізгі себептері мен шешу бағыттары белгіленген:

бейінді мамандардың тапшылығы

Қызметтің тиімділігін арттыру үшін ветеринариялық қызметтердің функциялары мен өкілеттіктерін шектеуге бағытталған саланың жүргізіліп жатқан өзгерістері белгілі бір дәрежеде ветеринария жүйесін, оларды ұстауға арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын оңтайландырды.

           Бұл ретте, 2021 жылдың қыркүйек айында өңірлердің 18 ветеринарлық бекеттерінің жасақталуы 87%-ды құрады, 92,5 бірлік бос тұр, оның жартысынан көбі (63%) Шет, Осакаров, Бұқар Жырау және Ақтоғай аудандарының ветеринарлық бекеттерінде.

    Облыс өңірлерінде бейінді мамандар-ветеринариялық дәрігерлер мен фельдшерлердің жетіспеушілігі жергілікті атқарушы және ветеринария саласындағы уәкілетті органдардың кадрлардағы қажеттіліктті мониторингтеу, кәсіптік білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жеткіліксіз жұмысына; ауыл жастары мен жас мамандардың ауылда орнығу үшін әлсіз ынталандыруынмен (төмен еңбекақы, тұрғын үймен қамтамасыз ету кепілдіктерінің болмауы, мамандықтың «мәртебесіздігі» және т.б.) байланысты.

           материалдық-техникалық жабдықтаудың жеткіліксіз деңгейі

Облыстың 213 ветеринариялық пунктінің 190 жеке үй-жайлары жоқ және олар көбіне арнайы бейімделген үй-жайларда орналаспаған, 100 ветеринарлық пункт салу қажет етіледі; 90% астам ветеринарлық станциялар автопаркінің пайдалану мерзімі 9 жылдан астам, 258 көлік құралының 39-ы қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайда және қолданылмайды; оларды күту мен жөндеу, бірқатар жағдайларда, ауылдық жерлерде техникалық қызмет көрсету станциялары (ТҚС) мен жанармай құю станцияларының болмауымен қиындатылған;

 мал қорымдарымен тиісінше қамтамасыз етілмеуі және олардың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі

Облыстың 112 мал  қорымының 63-і қарапайым, санитарлық ережеге сай емес; 25-заңдастырылмаған және тиісті ветеринарлық станцияларға берілмеген;

жануарларды есепке алудың қолданыстағы жүйесінің тиімсіздігі

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық базасын жүргізу тәртібін бұзу, оның деректерінің статистикалық деректерден айырмашылығы; немқұрайлы, бірқатар жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізудің жоспарлары мен кестелерінің сипаты өңірдің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың тиімділігіне теріс әсер етеді.

Эпизоотиялық салауаттылықтың және мал шаруашылығын дамытуды жоспарлаудың, қаңғыбас жаунуарлардың санын реттеудің негізі ветеринария саласын цифрландыру, электрондық сәйкестендіру ресурстарына - чиптерге, боллюстерге, радиожиілік биркаларына көшу болуы мүмкін және болуға тиіс.

қаңғыбас жаунуарлардың санын реттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға жүйелі тәсілдің болмауы

Қаңғыбас иттер мен мысықтар мәселесі қоғамды ізгілендіру тұрғысынан да, бұл жануарлардың адамдар үшін қауіптілігі жағынан да (ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша иттер мен мысықтар адамға 40-тан астам ауруды жұқтыра алады; иелері жоқ иттер әлеуметтендірудің тиісті деңгейіне ие емес және көбінесе озбыр болып келеді) өзекті және талқыланатын мәселе болып табылады.

Бұл ретте, шығыстары жергілікті бюджеттер қаражатынан қаржыландырылатын қаңғыбас жаунуарларды аулау және жою арқылы санын реттеу олардың таралымының азаюына әкеп соқпады және халықаралық практиканы (таңбалаудың заманауи формалары, зарарсыздандыру, жоюдың орнына баспана ұйымдастыру, функцияларды бәсекелес ортаға кезең-кезеңмен беру және т. б.) ескере отырып, проблеманы шешу тәсілдерін дәйекті өзгертуді талап етеді.

Ветеринариялық станциялардың қызметін жоспарлауға, ұйымдастыруға немқұрайлы қарау, ветеринария басқармасының құрылымында кәсіби экономикалық қызметтің болмауы салдарынан олардың қызметін әлсіз мониторингілеу, талдау және бақылау олардың нәтижеге деген ынталандыруын төмендетеді, қаржылық тұрақсыздық және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу тәуекелдерін туғызады.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                    В.Ф. Александрова