Бюджет қаражатын жымқырған жазасыз қалмайды
2018 жылы Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының аудиторлары «Қарқаралы аудандық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК-да жүргізілген мемлекеттік аудит материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің тергеушілерімен қылмыстық схема жасап, мемлекеттік бюджеттен 11 миллион теңге ұрлап кеткен кәсіпорынның бұрынғы бас бухгалтері А.Е. Мананбаева мен Қарқаралы қаласындағы Қазақстан Халық банкі филиалының кассирі М.С. Сыздықоваға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
Сонымен, А.Е. Мананбаева 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде Бас бухгалтер лауазымында жұмыс істей отырып, басшы тарапынан бақылаудың жоқтығы мен сенімін пайдаланып, ветеринарлық станцияның елтаңбалы мөріне еркін қол жеткізе отырып, есепке алуды әдейі қағаз тасығыштарда жүргізген, «1С» - бухгалтерия бағдарламасында бухгалтерлік құжаттардың электрондық базасына, сондай-ақ интернет-банкинг арқылы банктік қызмет көрсетуге көшуден бас тарта отырып, банк кассирі М.С. Сыздықовамен бірлескен топта ұзақ уақыт бойы мемлекеттік ақша қаражатын ұрлаған.
А.Е. Мананбаеваның бухгалтерлік құжаттамаларға бұрмаланған мәліметтерді енгізу, салықтар мен ақша қаражаттарының күдікті соммаларын аудару туралы жалған төлем құжаттарын жасаудың бірнеше фактілері, сондай-ақ банктің филиалындағы ветеринарлық станцияның шотынан астарсыз төлем тапсырмаларын пайдалану жолымен ақша қаражатын жымқырудың дәлелдемелері ретінде екі сотталушының сотқа ұсынылған «Диляра» ЖК-нің есеп айырысу шотына емес салықтарды төлеуге аудару туралы нұсқауға қатысты банк үзінді көшірмелеріне түзетулер енгізу қажеттігі жайлы хат-хабарларының скриншоттары, тағы да, төлем құжаттарында бірнеше қайталанған салық соммаларын көрсететін шоттардағы үзінді көшірмелері болып табылады.
Сот талқылауы облыстың екі аудандық сотында екі жарым жылға жуық жүргізілген, тек 2021 жылдың 13 қыркүйегінде Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының сотымен айып тағылып отырған сотталушылар қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауда кінәлі деп танылып, материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға айыра отырып А. Е. Мананбаеваға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және М.С. Сыздықоваға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі және соңғылар тағайындалған жазаларын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу жазасы тағайындалған.
Тексеру комиссиясының мүшесі А. Құтжанова