Тексеру комиссиясының отырысында мәдени кеңістік шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, Қарағанды облысының мұрағат ісі мен құжаттамасын дамытуға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Тексеру комиссиясының отырысында мәдени кеңістік шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, Қарағанды облысының мұрағат ісі мен құжаттамасын дамытуға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

2021 жылғы 30 қыркүйекте тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында мәдени кеңістік шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, Қарағанды облысының мұрағат ісі мен құжаттамасын дамытуға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Жүйелі түрде қайталанатын бұзушылықтардың болуы, бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тарапынан тиісті мониторинг пен бақылаудың болмауы, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу, жалпы сомасы 654,4 млн. теңгеге Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының бұзылуына әкеп соқты, оның ішінде:

- қаржылық бұзушылықтар 78,0 млн.теңге,

- бюджетке түсетін түсімдер бойынша бұзушылықтар - 94,6 мың теңге;

- бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау - 509,8 млн.теңге;

- бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану - 66,5 млн. теңге;

- 57 рәсімдік бұзушылықтар және 16 жүйелі проблемалар мен кемшіліктер.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін бюджетке 38,7 млн. теңге (92,1%) өтелді, 35,5 млн.теңге (99,3%) қалпына келтірілді, 94,6 мың теңге (100%) бюджетке түсті.

Әкімшілік жауапкершілік туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға 6 бұзушылық фактісі бойынша материалдар жолданды. Бекітілген заттай нормаларды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 234-1-бабы бойынша Қарағанды облысы мәдениет басқармасының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бюджеттік ресурстарды тиімді басқару мақсатында мәдениет басқармасына тиісті ұсыныстар берілді.