Мемлекеттік аудит, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ветеринария саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты дамытуға және іске асыруға әсерін талдау және бағалау қорытындылары туралы баспасөз релизі.

Мемлекеттік аудит, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ветеринария саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты дамытуға және іске асыруға әсерін талдау және бағалау қорытындылары туралы баспасөз релизі.

2021 жылғы 23 қыркүйекте тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ветеринария саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты дамытуға және іске асыруға әсеріне мемлекеттік аудит, талдау және бағалаудың қорытындысы шығарылды.

Отырыс барысында аудит нәтижесі бойынша келесілер атап өтілді:

- облыста өткізілетін диагностикалық, эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық және жою іс-шаралары 2017-2020 жылдары ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті аурулармен сырқаттанушылығын жүйелі төмендетуді қамтамасыз етпеді;

- ауыл шаруашылығы жануарларын уақтылы бірдейлендіру және "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" ақпараттық базасын жүргізу тәртібін бұзу; оның деректерінің статистикалық деректермен алшақтығы; ресми, бірқатар жағдайларда жануарларды бірдейлендіруді жүргізу жоспарлары мен кестелерінің сипаты ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылу тиімділігіне теріс әсер етеді;

- қаңғыбас жануарларды аулау және жою арқылы олардың санын реттеу олардың популяциясының азаюына әкелмеді және халықаралық тәжірибені ескере отырып, мәселені шешу тәсілдерін дәйекті өзгертуді талап етеді (жануарларды чиптеу, қаңғыбас жануарларды аулау және зарарсыздандыру, жоюдың орнына баспаналарды ұйымдастыру, ұстау және биостерилизация функцияларын бәсекелестік ортаға кезең-кезеңімен беру және т.б.).

- ветеринариялық станциялардың қызметін жоспарлауға, ұйымдастыруға жүйесіз, формалды көзқарас (даму жоспарларын және олардың іске асырылуы туралы есептерді бекіту, ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бюджет қаражатына қажеттілікті айқындау, кадр саясаты және т.б.) олардың нәтижеге деген уәждемесін төмендетеді;

- бюджеттік және салықтық заңнамаларды, мемлекеттік сатып алу саласындағы талаптарды тиісті сақтамау жол берілген бұзушылықтардың себептері болды.

Аудит нәтижелері бойынша Қарағанды облысы бойынша ветеринария басқармасына нұсқама, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін және салық заңнамасын бұзу фактілері бойынша аудит материалдары әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін тиісті уәкілетті органдарға жолданды.