Баспасөз - хабарламасы сараптамалық-талдау іс-шарасының және Қарағанды облысының жекелеген өңірлерінде жеке тұрғын үй құрылысы тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды

Баспасөз - хабарламасы сараптамалық-талдау іс-шарасының және Қарағанды облысының жекелеген өңірлерінде жеке тұрғын үй құрылысы тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды

2021 жылғы 23 қыркүйекте тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында сараптамалық-талдау іс-шарасының және Қарағанды облысының жекелеген өңірлерінде жеке тұрғын үй құрылысы тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды.

Осы тиімділік аудитінің талдауы мен нәтижелері жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану кезінде бюджет және өзге де заңнама рәсімдерінің кемшіліктері мен бұзушылықтарын көрсетті.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша 14 637,4 мың теңге немесе қамтылған қаражат сомасының 1,6% - ы сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік аудит барысында  31 рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы және 1 кемшілік анықталды.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке 2 803,5 мың теңге өтелуге (республикалық бюджет қаражаты – 1 944,7 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты – 858,8 мың теңге), бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге – 2 431,4 мың теңге (республикалық бюджет қаражаты), жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтіруге - 9 402,5 мың теңге (республикалық бюджет қаражаты) жатады.

Аудит барысында өтеуге және қалпына келтіруге жататын сомалар толық көлемде өтелді және қалпына келтірілді.

 3 объект бойынша аудит материалдары 3 бұзушылық фактісі бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі мәселесін қарау үшін уәкілетті органдарға берілді.