Баспасөз - хабарламасы жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға, оның ішінде төтенше жағдай кезеңінде бөлінген бюджет қаражатын қаржыландырудың және мақсатты пайдаланудың негізділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Баспасөз хабарламасы

2021 жылғы 22 шілдеде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға, оның ішінде төтенше жағдай кезеңінде бөлінген бюджет қаражатын қаржыландырудың және мақсатты пайдаланудың негізділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 89 837,4 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 2 658,9 мың теңге; бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану - 87 178,5 мың теңге. Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 2 658,9 мың теңге (жергілікті бюджет қаражаты) бюджетке өтелуге жатады, олар аудит барысында толық көлемде өтелді.

Аудит қорытындысы бойынша Абай ауданының және Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаражал қалаларының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою, қаржылық тәртіпті арттыру бойынша тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.