Баспасөз - хабарламасы Приозерск қаласының экономика, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсер етуіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды

Баспасөз - хабарламасы Приозерск қаласының экономика, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсер етуіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды

Баспасөз хабарламасы

 

2021 жылғы 22 шілдесінде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында Приозерск қаласының экономика, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсер етуіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.

Жылдан жылға жүйелі түрде қайталанатын бұзушылықтардың болуы, бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілері тарапынан тиісті мониторинг пен бақылаудың болмауы, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу жалпы сомасы          1 353 744,9 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының бұзылуына әкеп соқты, оның ішінде:

  • қаржылық бұзушылықтар 940 573,9 мың теңге сомасында
  • бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 309 120,4 мың теңге
  • тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 100 155,4 мың теңге
  • бюджеттің тікелей шығындары 3 895,2 мың теңге
  • 93 рәсімдік бұзушылық, 3 басқа да бұзушылық

Аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін бюджетке 16 433,1 мың теңге өтелді, бюджетке 7 808,8 мың теңге түсті, 9 730,7 мың теңге қалпына келтірілді.

Өтеуге қалдық 108 586,3 мың теңгені, түсімге 4 000,0 мың теңгені, қалпына келтіруге 13 231,1 мың теңгені құрады.

7 объект бойынша аудит материалдары бұзушылықтардың 22 фактісі бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі мәселесін қарау үшін уәкілетті органдарға берілді; тексеру комиссиясымен 3 фактісі бойынша заттай нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы 3 хаттама жасалды.

Сонымен қатар, «Приозерск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бойынша аудит материалдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментіне 2 факті бойынша лауазымды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін қарау үшін жолданды.