Баспасөз хабарламасы 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің жоспарлануы мен атқарылуына, бюджет қаражатының жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы; Қарағанды облысының 2016 - 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуы қортындылары туралы

Баспасөз хабарламасы 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің жоспарлануы мен атқарылуына, бюджет қаражатының жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы; Қарағанды облысының 2016 - 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуы қортындылары туралы

Баспасөз хабарламасы

 

2021 жылғы 06 мамырда Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің жоспарлануы мен атқарылуына, бюджет қаражатының жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары; Қарағанды облысының 2016 - 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына талдау жасалды.

Отырыс қорытындысы бойынша 2016-2020 жылдары Қарағанды облысын дамыту Бағдарламасының іс-шараларын дәйекті жүзеге асыру өңірдің үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамуын, көлік, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіруді, тұрғын үймен және әлеуметтік сала объектілерімен қамтамасыз ету бойынша бірқатар проблемаларды шешуді қамтамасыз еткені атап өтілді.

Сонымен қатар, АДБ орындаушылары/бірлесіп орындаушыларының тиімсіз ведомствоаралық өзара іс – қимылы, облыстық әкімшілердің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын тиісінше бақыламауы, олардың өнім берушілер мен мердігерлердің шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөніндегі уақтылы пәрменді шараларды қабылдамауы өңірді дамытуды тежейтін факторлармен астасып жатты-2020 жылы 6 нысаналы индикаторға қол жеткізілмеді, Бағдарламаның 39 іс-шарасы іске асырылмады.

Облыстық коммуналдық меншіктің квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқару бірнеше жылдар бойы олардың қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің тұрақты оң серпініне алып келмейді.Залалдылықтың себептері - тиімсіз тарифтік саясат және айналым қаражатын басқару, негізгі құралдардың жоғары амортизациясы болып қалуда.

Объектілерді сенімгерлік басқаруға беру бірқатар жағдайларда шарттардың талаптарын формальды айқындау және сенімгерлік басқарушылардың қабылданған міндеттемелерді тиісінше іске асырмауы салдарынан күтілетін инвестициялық салымдарды қамтамасыз етпеді.

Облыстық бюджеттің негізгі параметрлері орындалды.

Бұл ретте, бюджет заңнамасының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету, бюджеттік өтінімдерді негіздеу, бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру және шығыстардың нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен қаржы басқармасының құрылымдық өзара іс-қимылын белгілеу бойынша Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсынымдары тиісті дәрежеде іске асырылмаған.