
Теміртауда мемлекеттік аудит нәтижелері талқыланды
Қарағанды облысы Ревизиялық комиссиясы 2026 жылғы 19 наурызда сағат 11.00-де 2022–2024 жылдар аралығындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша «Дөңгелек үстел» өткізді, оған Теміртау қаласының жергілікті атқарушы органы өкілдері, маслихат депутаттары, бюджет бағдарламаларының әкімшілері, БАҚ өкілдері қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыбы жергілікті атқарушы органдардың экономика, әлеуметтік сала және басқа мемлекеттік басқару бағыттарының дамуына әсері және Теміртау қаласының бюджетін жоспарлау және орындау кезінде өзекті мәселелерді талқылау болды.
Қарағанды облысының ревизиялық комиссиясының мүшесі Құтжанова А.Е. дөңгелек үстелге қатысушылармен конструктивті диалог орнатып, бюджет және басқа да заңдардың бұзылуын болдырмау мақсатында қаржылық тәртіпті күшейту, жоспарлаудың және бақылаудың сапасын арттыру қажеттілігін ерекше атап көрсетті, бұл бюджет және инвестициялық саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Осылайша, жеке көрсеткіштердің оң динамикасына қарамастан, жүйелік мәселелер кешенді тәсілді және қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін уақтылы басқарушылық шешімдерді қажет етеді.