Теміртау қаласының экономикасының, әлеуметтік және мемлекеттік басқарудың өзге де салаларының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің ықпалына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша баспасөз релизі

Теміртау қаласының экономикасының, әлеуметтік және мемлекеттік басқарудың өзге де салаларының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің ықпалына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша баспасөз релизі

Теміртау қаласының экономикасының, әлеуметтік және мемлекеттік басқарудың өзге де салаларының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің ықпалына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша баспасөз релизі

 

 

2026 жылғы 12 наурызда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Жиында Теміртау қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметінің экономика, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларына әсерін мемлекеттік аудит қорытындылары белгілі болды, оған сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет және басқа да заңнамаларын бұзудың жалпы сомасы 6 827 401,9 мың теңге анықталды, оның ішінде:

- қаржылық бұзушылықтар - 1 520 376,7 мың теңге,

- тиімсіз жоспарлау - 2 592 877,0 мың теңге,

- бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану - 2 697 589,9 мың теңге,

- бюджетке түсетін түсімдер бойынша қаржылық бұзушылықтар-7 227,6 мың теңге,

- бюджеттің тікелей шығындары 2 245,0 мың теңге.

Рәсімдерді орындау тәртібін бұзу бойынша 91 жағдай анықталды, 3 кемшілік және 7 жүйелік кемшілік белгіленді.

Қаржылық бақылау шараларының нәтижесінде бюджетке 46 691,9 мың теңге өтелді, бухгалтерлік есеп бойынша 1 038 458,0 мың теңге қалпына келтірілді, бюджетке 6 761,2 мың теңге түсім қамтамасыз етілді. Бюджетке түсуге, өтеуге және бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жататын қалдық 435 631,1 мың теңгені құрады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға 78 құқық бұзушылық фактісі бойынша мемлекеттік аудит материалдары жолданды, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке 1 заңды тұлға және 77 лауазымды тұлға тартылып, жалпы сомасы 7 503,3 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 4 факт бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына жолданды.

2022–2024 жылдардағы Теміртау қаласының бюджетінің атқарылуы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына жүргізілген аудит қорытындысы бойынша бюджеттік және инвестициялық саясатты іске асыруда бірқатар жүйелік мәселелер анықталды. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысында кемшіліктер байқалады, оның ішінде аванстық төлемдердің өсуі дебиторлық берешектің ұлғаюына және бюджетке қосымша жүктеменің түсуіне әкелуде.

Сондай-ақ аудит нәтижесінде жобаларды іске асыру динамикасының тұрақсыздығы анықталды: олардың бір бөлігі аяқталмай қалып отыр, бұл бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін төмендетіп, күтілетін әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

Аудит барысында анықталған Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасын бұзу фактілері бюджет қаражатын сапасыз жоспарлау және тиімсіз пайдалануымен, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сақтамаумен, орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеумен және жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемін негізсіз ұлғайтумен, дебиторлық берешектің өсуімен, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу және мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы бұзушылықтармен байланысты. Бұл өз кезегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бюджет ресурстарын жоспарлау кезінде де, оларды игеру барысында да басқару тиімділігін күшейтуді талап етеді.

Аудит қорытындыларын қарау нәтижесінде аудит объектілеріне тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.