Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясы 2026 жылғы 14 қаңтарда аудит объектілерінің қатысуымен «Қарағанды облысында абаттандыру мен көгалдандыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді
Баспасөз-хабарламасы
Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясы 2026 жылғы 14 қаңтарда аудит объектілерінің қатысуымен «Қарағанды облысында абаттандыру мен көгалдандыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аудит айтарлықтай бөлінетін бюджет қаражатына қарамастан (2022-2024жж. және 2025ж. 10 айы үшін – оң динамикасы бар 64,0 млрд. теңге) аула аумағының 53% - ы (2 669-дан 1 416-сы) жарықтандыру, қоқыс алаңдары, балалар ойын алаңдары, кірме жолдар мен автотұрақтардағы қатты жабын сияқты азаматтарға жайлы өмір сүру жағдайларын жасау үшін абаттандырудың негізгі элементтерімен қамтамасыз етілмегені атап өтілді.
Көппәтерлі тұрғын үйлерді абаттандыру элементтерін күтіп ұстау мәселелері шешілмеген күйінде қалып отыр. Тұрғындар мен пәтер иелерінің кооперативтері тарапынан оларды тиімді және ұзақ мерзімді пайдалануға қызығушылық жоқ, өйткені объектілер жергілікті атқарушы органдардың теңгерімінде қалады, бұл күтім мен оларды ұстауға деген ынтаны төмендетеді.
Дегенмен, жекелеген абаттандыру объектілерінің теңгерімсіз тиесілілігі кезінде оларды күтіп-ұстау іс жүзінде жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады. Соңғы төрт жылда бұл мақсаттарға 1,7 млрд теңге бөлінді, бұл бюджетке айтарлықтай жүктемені және меншік мәселесін жүйелі реттеу қажеттігін көрсетеді.
Көгалдандыру тәжірибесін талдау дендрологиялық жоспарлаудың болмауының жүйелі мәселесін анықтады. Мәселен, Облыстың 203 елді мекенінің 200 - де қолданыстағы және отырғызуға жобаланатын жасыл желектерді орналастыруды айқындайтын өзекті дендрологиялық жоспар-схемалық құжат жоқ.
Өңірлерде абаттандыру және көгалдандыру бойынша негізгі индикаторы бар перспективалы және кешенді стратегиялық жоспар жоқ.
Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мемлекеттік аудит объектілерінің жекелеген өкілдері сөз сөйледі.
Қорытындылай келе, қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, бар проблемаларды және оларды шешу жолдарын талқылады.