Қарағанды облысы бойынша абаттандыруға және көгалдандыруға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиміділігіне мемлекеттік аудиті қорытындылары бойынша ақпарат
Аудитпен Қазақстан Республикасының бюджет, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаларын жалпы сомасы 8 812 132,2 мың теңгеге бұзушылықтар анықталғанын атап өтеді, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар - 2 142 871,7 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау - 6 196 978,9 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 427 381,9 мың теңге, бюджеттің тікелей шығындары - 44 899,7 мың теңге, 22 рәсімдік бұзушылықтар және 9 жүйелік кемшіліктер.
Бұзушылықтардың жалпы сомасынан 510 765,8 мың теңге бюджетке өтелуге, 77 416,6 мың теңге - жұмыстарды орындау арқылы және 1 554 689,3 мың теңге бухгалтерлік баланста көрсету арқылы қалпына келтірілуге жатады.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 86 745,5 мың теңге бюджетке өтеліп, 21 858,0 мың теңге жұмыстарды орындау жолымен және 1 554 689,3 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.