Қарағанды облысының білім басқармасының ұйымдарында арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға, балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеуге және қолдауға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит қорытындысы туралы ақпарат
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 2 053 963,3 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар - 761 805,5 мың теңге;
- бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау - 1 138 753,9 мың теңге;
- бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану-122 591,7 мың теңге;
- ықтимал шығындар мен жоғалған пайда-30 812,2 мың теңге.
Сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің жұмысын ұйымдастыруда 106 рәсімдік бұзушылықтар тіркелді.
Аудит қорытындысы бойынша отырыс өткізілетін күнге:
- бюджетке түсім қамтамасыз етілді-2 270,7 мың теңге (100%);
- бюджетке өтеу-68 530,6 мың теңге (79,9%);
- бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіру-673 778,7 мың теңге (100%).
Өтелуге жататын қалдық 17 225,5 мың теңгені құрайды.