Баспасөз хабарламасы
2025 жылғы 18 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша абаттандыруға және көгалдандыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудиттінің қорытындылары бойынша Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Оның нәтижелері Қарағанды облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттарының, аудит объектілері басшыларының қатысуымен Дана Мұхамеджанованың төрағалығымен өткен тексеру комиссиясының отырысында таныстырылды.
Аудитпен 18 объектіде жалпы сомасы 12 304 335 мың теңгеге 325 жобаны іске асыру қамтылды, нәтижелері бойынша бюджет заңнамасын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманы жалпы сомасы 8 812 132,2 мың теңгеге бұзушылықтар, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 2 142 871,7 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау - 6 196 978,9 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 427 381,9 мың теңге, бюджеттің тікелей шығындары - 44 899,7 мың теңге белгіленді.
Сондай-ақ, 22 процедуралық бұзушылықтар және 9 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Белгіленген бұзушылықтардың негізгі бағыттары:
1) жалпы сомасы 6 196 978,9 мың теңгеге тиімсіз жоспарлау, оның ішінде:
- жалпы сомасы 2 741 303,0 мың теңгеге 36 жоба жобалық құжаттамасыз іске асырылды, бұл бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға әкелді;
- жалпы сомасы 205 272,5 мың теңгеге іске асырылған 5 жоба бойынша әзірленген сметалық есептеулер, негізсіз жоспарлауға және құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнын көтеруге әкеп соққан, көптеген артық жұмыс көлемін қамтиды;
- мүсіндерді сатып алу бойынша 30 820,0 мың теңге сомасына 1 жоба негіздемесіз (прайс-парақсыз )жоспарланған;
- 179 565,7 мың теңге сомасына 1 жоба, тиісінше жұмыстардың 39,2% көлемін алып тастау, мен қосу арқылы жобалық құжаттама бойынша іске асырылды, алайда енгізілетін өзгерістердің құны 30% - дан асатын болса, сметалық құжаттама түзетуге жатады;
- жалпы сомасы 77 477,3 мың теңгеге көппәтерлі тұрғын үйлердің шатыры мен қасбетін жөндеудің 6 жобасы бойынша жұмыстар техникалық қадағалаудың сүйемелдеуінсіз жүргізілді және қабылданды;
- қоқыс жинайтын контейнерлерді сатып алу бойынша 277 688,3 мың теңге сомасына 1 жоба бойынша әкімдік тауардың техникалық сипаттамасын негізсіз өзгертіп (қақпағы алынып тасталды), құны 1 бірлікке 189,28 мың теңгеден 166,88 мың теңгеге дейін төмендеді, сол арқылы контейнердің құнын конкурстық тыс анықтаған;
- Қазыбек би атындағы аудан бойынша 1 жобаны іске асыру мерзімі жасанды түрде ұзартылды, бұл құрылыс мерзімінің ұзақтығын бұзуға және қымбаттау жолымен сметалық құжаттаманы түзетуге әкеп соқтырды, тиісінше жоба құнының 2 684 852,1 мың теңгеге ұлғайға,
2) 427 381,9 мың теңге сомаға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану - 7 жоба бойынша бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалануға әкеп соқтырған бюджет жүйесінің "Тиімділік" қағидатын бұзу белгіленген;
3) құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жалпы сомасы 588 182,4 мың теңгеге (156 жоба бойынша) көлемдер мен бағаларды асыра бағалау-құрылыс-монтаждау жұмыстарының нақты көлемін растамау, актілерге негізсіз бағалар мен жұмыс түрлерін енгізу, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес және сметалық құжаттамамен орындалған жұмыстар актілерін дұрыс ресімдемеу, оның ішінде бюджетке – 510 765,8 мың теңге өтелуге, жұмыстарды орындау және актілерді ресімдеу жолымен қалпына келтіруге – 77 416,6 мың теңге;
4) абаттандыру және көгалдандыру элементтерінің бухгалтерлік есебін жүргізудегі бұзушылықтар - 17 объект бойынша жалпы сомасы 1 554 689,3 мың теңгеге күрделі сипаттағы шығыстар шығындарға есептен шығарылған және бухгалтерлік есепте көрсетілмеген;
5) 16 аудит объектісі мердігерлерге қатысты шарт міндеттемелерін уақтылы орындамағаны үшін шаралар қолданбаған және жалпы сомасы 44 899,7 мың теңге (бюджет шығыны) тұрақсыздық айыбын өндіріп алмаған.
Бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке - 510 765,8 мың теңге өтелуге, жұмыстарды орындау жолымен қалпына келтіруге - 77 416,6 мың теңге, бухгалтерлік баланста көрсету жолымен қалпына келтіруге - 1 554 689,3 мың теңге жатады.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін - 86 745,5 мың теңге өтелді, жұмыстарды орындау жолымен – 21 858,0 мың теңге және бухгалтерлік есеп бойынша - 1 554 689,3 мың теңге қалпына келтірілді.
Отырыс нәтижелері бойынша Қаржылық бақылау шараларымен анықталған бұзушылықтарды жою туралы 15 ұйғарым жіберілді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға 56 бұзушылық фактісі бойынша мемлекеттік аудит материалдары жіберілді.
Тиісті аумақтық мәслихаттарға лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің талаптарын бұзуы мен сақтамауының анықталған фактілері бойынша ұсыныстар жіберілді.