Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясында ұлттық валюта - теңге күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Тексеру комиссиясының төрағасы Дана Мұхамеджанова тексеру комиссиясының аппарат қызметкерлерін құттықтап, ұлттық валюта күнін мерекелеу елдің экономика және қаржы саласындағы жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тудыратынын, сондай-ақ азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қаржы саласында беріктік пен тұрақтылықты сақтауда маңызды екенін атап өтті.

Дана Мұхамеджанова айтқандай, бұл мереке елдің жетістіктерін көрсетеді  және Қазақстанның одан әрі өркендеуіне түрткі болады, себебі  теңге ұлттық валюта ретінде мемлекеттің әлемдік аренадағы тәуелсіздігі мен экономикалық тұрақтылығының негізгі көрсеткіші.

Салтанатты жағдайда бірқатар қызметкерлер ведомстволық наградалармен - Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің төсбелгілерімен, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Тексеру комиссиясы қызметкерлеріне атаулы күні қаржылық  өркендеу мен кәсіби биік жетістіктерге жетуге тілек білдірді.