
Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясында ұлттық мереке - Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.
Аппарат қызметкерлерін алдағы Ұлттық мереке - Республика күнімен Тексеру комиссиясының төрағасы Дана Мұхамеджанова құттықтап, отыз жылдан астам уақыт бұрын - 25 қазанда Қазақстан халқы егеменді, дамыған, гүлденген мемлекет құруды таңдағанын атап өтті. Бұл күн - Тәуелсіздіктің, бостандық пен ұлттық бірліктің символы, өткен жолымыз, экономикадағы, мәдениеттегі, білім берудегі және қоғам дамуындағы жетістіктеріміз мақтанышымыздың көрінісі.
Дана Мұхамеджанова жиналысқа қатысушыларға бейбіт өмір, бастарына амандық, түсіністік тілеп, еліміздің өркендеп әлемдік аренада табыспен гүлденіп жетуіне тілек білдірді.
Қаржылық бұзушылықтардың алдын алудағы, жолын кесудегі және анықтаудағы белсенді, мінсіз қызметі үшін, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағап, қызмет нәтижелеріне елеулі үлес қосып және тексеру комиссиясының имиджін арттырғаны үшін бірқатар қызметкерлер марапатқа, құрмет грамоталарына ие болып алғыс хаттармен марапатталды.