Алматы қаласында өтінім бойынша жария тыңдау өтті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

Алматы қаласында өтінім бойынша жария тыңдау өтті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

2022 жылғы 15 тамызда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті баға сараптамасын жүргізу үшін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өтінімін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізді.

Жария тыңдауға шақырылған мүдделі тұлғалар, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің өкілдері, барлығы 11 адам, тұтынушылар саны 27 адам қатысты.

Алматы қаласындағы карантин режимін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының 24-тармағының екінші бөлігіне сәйкес, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің жария тыңдаулары онлайн режимде өткізілді, сондай-ақ Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында таратылды. https://m.facebook.com/dkrem.almaty/.

Тұтынушылар ұйымның тарифтік сметасы шығындарының баптары, қызметкерлердің жалақысының мөлшері, нормативтік саны, сондай-ақ «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар қойды. Серіктестік өкілдері қойылған сұрақтарға тиісті түсініктемелер берді.

Жария тыңдауларға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Департамент шешімі белгіленген мерзімде қабылданады.