«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жария тыңдауын өткізеді

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жария тыңдауын өткізеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғаларды «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясына бағаның алдағы уақытта көтерілетіні туралы хабарламаны талқылау бойынша көпшілік тыңдауларға шақырады.

Алматы қаласындағы карантин режимін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының 24-тармағының екінші бөлігіне сәйкес, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жария тыңдаулары 2022 жылғы 15 тамызда сағат 15:00-де «ZOOM» бейне-конференц байланысы арқылы онлайн-трансляция режимінде өтеді

Қоғамдық тыңдауға қатысу үшін идентификатор 618 218 5844, пароль 2022.

Департамент депутаттарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға шақырады.

Сонымен қатар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы онлайн режимінде жария тыңдауларға қатыса алатынын хабарлаймыз https://www.facebook.com/watch/dkrem.almaty/ .

Байланыс телефондары: Департамент - 8 (727) 279-06-09,

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС - 8 (727) 356-04-05.