Алматы жылу жүйелері тұтынушыларға 49,4 млн.теңге қайтарады

Алматы жылу жүйелері тұтынушыларға 49,4 млн.теңге қайтарады

2020-2021 жылдардағы өткен жылу маусымының қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтаудың құнын қайта есептеу сомасын 49,4 млн. теңге мөлшерінде есептеді (Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабының 2-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес).

Алайда, Алматыда жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-і ТМРКД-нің қайта есептеуді жүргізу қажеттілігі туралы шешімімен келіспеді, керісінше тұтынушыларға шамамен 5 млн теңге көлемінде қосымша есептеу қажет екенін хабарлады.

ТМРКД, өз кезегінде, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-ны табиғи монополиялар саласындағы заңнамаға сәйкес өз міндетін орындауға мәжбүрлеу туралы талап-арызбен жүгінді. 2022 жылғы 26 қаңтардағы сот шешімімен ТМРКД-нің талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

Сонымен қатар, «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-і осы сот шешіміне аппеляция берді.

Алайда, Алматы қалалық соты 2022 жылғы 12 сәуірдегі өз шешімімен аппеляцияны қараусыз қалдырды.

Осылайша, «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-не күзгі-қысқы кезеңде температуралық режимді сақтамағаны үшін, жылуға төлем жасау кезінде тарифті төмендету жолымен сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, тұтынушыларға жылумен жабдықтаудың құнын 49,4 млн. теңгеге қайта есептеу туралы Алматы қаласы бойынша ТМРКД-ның шешімін орындауы қажет.

ТМРКД «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-ның атына 2022 жылдың мамыр айында тұтынушылардың түбіртектерінде көрсетілуімен 2022 жылдың сәуір айының соңына дейін қайта есептеу жүргізу қажеттілігі туралы хат жолдады.