Алматыда «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Алматыда «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясына бұйрығына сәйкес, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап тарифтердің өсуіне байланысты, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құқығын пайдалана отырып, электрмен жабдықтау қызметтеріне шекті бағаның көтерілуі туралы хабарлама берді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтеріне арналған тариф жобасын қарау бойынша жария тыңдауларға шақырады.

Жария тыңдау 2021 жылғы 3 шілдеде сағат 15.00-де өтеді.

«Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 02.04.2021 жылғы №15 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 23.04.2021 жылғы №16 қаулысының 1-қосымшасының 51-тармағына сәйкес, ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, отбасылық, естелік іс-шаралар, еске алу, конференциялар, форумдар, жиналыстар, көрмелер және басқа да іс-шаралар өткізуге тыйым салынғанын атап өткен жөн.

Баяндалғанның негізінде және қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сондай-ақ қоғамдық денсаулықты сақтау мақсатында жария тыңдау онлайн режимде өтеді:

- Департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында (https://www.facebook.com/dkrem.almaty);

- ZOOM платформасында 621 558 5377 идентификаторы бойынша пароль 1234.

Департамент осы жария тыңдауға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тұтынушыларды, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Анықтама телефондары: «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС - 8 (727) 356-04-58, Департамент – 8 (727) 272-24-76.