«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеріс ашты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не  қатысты жоспардан тыс тексеріс ашты

Азаматтардың жылу энергиясымен жабдықтау қызметі үшін берілген негізсіз және жоғары төлемдеріне қатысты өтініштерінің негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеріс ашты.

Тексеру аясында табиғи монополиялар субъектілерінің  жылу энергиясымен жабдықтау үшін төлемдер қою негізділігіне мұқият талдау жүргізетін болады.