2026 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті «БЭСК» АҚ-ның электр энергиясын беру қызметіне қатысты өтінімін қарау бойынша жария тыңдау өткізді.
Жария тыңдау – табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін бекіту немесе өзгерту туралы өтінімдерді қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсім. Оның өткізілуі тариф қалыптастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, тұтынушылардың пікірін ескеруге және тарифтерді бекіту барысында әділдік пен ашықтық қағидаттарын сақтауға бағытталған.
Жария тыңдауға тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.
Жария тыңдаулар онлайн және офлайн форматта, сондай-ақ Департаменттің ресми Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы (https://www.facebook.com/profile.php?id=100085412888740&mibextid=LQQJ4d) өткізілді.
Департаменттің шешімі жария тыңдауға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып қабылданатын болады.