
2026 жылғы 27 сәуірде «БЭСК» АҚ 2025 жылдың қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізуі туралы тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жария тыңдаулар түрінде есеп өткізді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жария тыңдаулар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсім болып табылады.
Жария тыңдауларға тұтынушылар және «БЭСК» АҚ өкілдері қатысты.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізуі туралы есеп тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жария тыңдаулар түрінде бұрын жарияланған кестеге сәйкес өткізіледі.