
2026 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы Е.А. Дүйсен Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында
«Ақтөбе облысы бойынша 2025–2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру» тақырыбында брифинг өткізді.
Департамент басшысы өз баяндамасында есепті кезеңдегі Департамент жұмысының негізгі нәтижелерін, сондай-ақ өңірдегі Ұлттық жобаны іске асыру кезеңдерін айтты.
Тарифтерді реттеу, табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылау, сондай-ақ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы инфрақұрылымның сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған ұлттық жобаны іске асыру барысына ерекше назар аударылды.
Брифинг соңында спикер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Брифингтің толық нұсқасымен келесі сілтеме арқылы өтіп танысуға болады. https://www.facebook.com/share/v/1CUbvbpJcS/