Алматыда «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдаулар өтті

Алматыда «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдаулар өтті

2024 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның электр энергиясымен жабдықтау қызметіне бағаның алдағы уақытта көтерілетіні туралы хабарламаны талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізді.

Жария тыңдауларға «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның тұтынушылары мен өкілдері, мүдделі тұлғалар Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирге қатысты https://m.facebook.com/dkrem.almaty/.

Жария тыңдаулар барысында тұтынушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, Департамент және «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның өкілдері тиісті түсініктемелер берді.

Жария тыңдауларға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Департаменттің шешімі заңнамада белгіленген мерзімде қабылданатын болады.