Шымкентте «Қуатжылуорталық-3» МКК-на 20 млн.теңгеден аса сомаға айыппұл салынды

Шымкентте «Қуатжылуорталық-3» МКК-на 20 млн.теңгеден аса сомаға айыппұл салынды

Шымкент қаласыныңПрокуратурасыжәне ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті«Қуатжылуорталық-3» МКК-на қатыстыбірлескентексеріс жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша, 251 тұтынушыларға қолжетімділікті ұсыну барысында «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары өрескел бұзылғаны анықталды.

«Қуатжылуорталық-3» МКК 171 тұтынушығаүлгілік нысанға сәйкес келмейтінтехникалық шарттар берген, сонымен қатар 80 тұтынушының техникалық шарттарды алуға өтініштерін қарау және бастарту жағдайында қарау мерзімін бұзған.

Осылайша, «Қуатжылуорталық» МККТабиғи монополиялар туралы заңының 26-бабының2-тармағының 4) тармақшасыныңталаптарын бұзды.

Нәтижесінде, «Қуатжылуорталық» МКК Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып,20 700 000теңгемөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза белгіленді.