Алматы қ. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдаулар өтеді

Алматы қ. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдаулар өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғаларды «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның электр энергиясымен жабдықтау қызметіне бағаның алдағы уақытта көтерілетіні туралы хабарламаны талқылау бойынша жария тыңдауларға шақырады.

Жария тыңдаулар 2023 жылғы 13 маусымда сағат 15:00-де Алматы қаласы, Кожамкулов көшесі, 170 А ғимараты мекенжайы бойынша, сондай-ақ Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында (@dkrem.almaty) өтеді.

Департамент депутаттарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауларға шақырады.

Байланыс телефондары:

  • Департамент - 8 (727) 357-27-41,
  • «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС - 8 (727) 356-04-05.