Алматы қ. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдау өтті

Алматы қ. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдау өтті

2022 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның электр энергиясы қызметіне шекті бағаны көтеруді келісу туралы хабарламасын қарау бойынша жария тыңдау өткізді.

Жария тыңдауға «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның тұтынушылары қатысты.

Жария тыңдау барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып және тындауға келіп қатыса алмағандарға онлайн режимде өткізілді.

Департаменттің шешімі жария тыңдаудағы қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып қабылданатын болады.