Алматы қ. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Алматы қ. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның электр энергиясына шекті баға жобасын талқылау бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға шақырады.

Жария тыңдау 2022 жылғы 13 желтоқсанда сағат 15:00-де Алматы қаласы, Қожамкулова көшесі, 170А мекенжайында өтеді.

Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар онлайн режимінде де Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің ресми парақшасы арқылы жария тыңдауға қатыса алады, сілтеме:  https://www.facebook.com/watch/dkrem.almaty/.

Байланыс телефондары: Департамент - 8(727) 279-06-09, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС - 8(701)758-59-60.