«Қазфосфат» ЖШС-ы кірме жолдарды ұсыну тарифін төмендетті

«Қазфосфат» ЖШС-ы кірме жолдарды ұсыну тарифін төмендетті

«Казфосфат» ЖШС-ның 2021 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасының, атап айтқанда бекітілген тарифтік сметаны орындау жөніндегі талаптарды сақтамауын анықтады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, 2021 жылы «Казфосфат» ЖШС-ның негізсіз табыс сомасы 192 481 820 теңгені құрады.

Осыған байланысты, Департаменттің 2022 жылғы 14 қарашадағы бұйрығымен «Казфосфат» ЖШС-на бәсекеге қабілетті кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамының өтуі үшін кірме жолды пайдалану қызметіне бір жыл мерзімге уақытша өтемдік тариф бекітілді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 30 маусымға дейін ҚҚС-сыз 286,27 теңге/ваг. км мөлшерінде, мұнда төмендеу 33,79%-ды құрады және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін 315,77 теңге/ваг. км мөлшерінде қолданылады, мұнда төмендеу 31,64%-ды құрады.