Табиғи монополиялар субъектілерін сатып алудағы отандық тауар өндірушілер үшін басымдық: бизнесті қолдаудың жаңа шаралары

Табиғи монополиялар субъектілерін сатып алудағы отандық тауар өндірушілер үшін басымдық: бизнесті қолдаудың жаңа шаралары

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 15 бұйрығына сәйкес Қағидалардың 156-1-тармағы отандық өндірушілерге конкурстық сатып алуға қатысу кезінде шартты баға артықшылығын беретін ережемен толықтырылды. Енді өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия отандық тауар өндірушілердің пайдасына баға ұсыныстарын шартты түрде 10% - ға төмендетуді қолданады.

Бұл шара қазақстандық өндірушілердің коммуналдық кәсіпорындар конкурстарына қатысуын ынталандыруға бағытталған. Қазіргі уақытта Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бойынша толыққанды жұмыс жүргізіліп жатқанын ескере отырып, тиісті тауарларға тұрақты ұзақ мерзімді сұраныс пайда болады. Бұл отандық бизнес үшін кең перспективалар ашады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 109 бұйрығының негізінде Ережеге табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу рәсімдерін жетілдіру, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерінен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді басым сатып алуды қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Негізгі өзгерістерге мыналар жатады:

- тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың екі кезеңдік рәсімдеріне көшу. Бірінші кезең тек отандық тауар өндірушілер арасында конкурс өткізуді көздейді;

- егер отандық өндірушілер арасында сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, өзге жеткізушілер арасында ашық конкурс өткізіледі.

- сатып алу мерзімдерін қысқарту, бұл қажетті өнімдер мен қызметтерді жеткізу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Қабылданған шаралар отандық тауар өндірушілер нақты бәсекелестік артықшылықтарға ие болатын тұрақты және ашық сатып алу жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бұл ұлттық өндірісті нығайту, елдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру жолындағы маңызды қадам.