Бүгін, 2025 жылғы 31 наурызда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның магистральдық темір жол желісінің 2025 жылға арналған қызметіне бекітілген тарифтер мен тарифтік сметаларды өзгертуге қатысты өтінімді олардың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін қарау шеңберінде жария тыңдау өтті.
Жария тыңдау ТМРК төрағасының орынбасары Тимур Қосымбаевтың төрағалығымен өткізілді, ол қатысушыларды іс-шараны өткізу тәртібімен таныстырды.
Ол барлық мүдделі тараптардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, оларды өтінім бойынша ұсыныстар мен ескертулер беруге шақырды. «Жария тыңдауларды өткізудің мақсаты – ашықтықты, жариялықты, ақпараттандыруды қамтамасыз ету және тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау», - деп атап өтті Тимур Қосымбаев.
Іс-шараға салалық мемлекеттік орган атынан ҚР Көлік министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның басшылығы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, сондай-ақ басқада мүдделі тұлғалар қатысты.
Магистральдық темір жол желісінің 2025 жылға арналған қызметіне бекітілген тарифтер мен тарифтік сметаларды өзгертуге қатысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның экономика және қаржы департаментінің орынбасары - Александр Кирович баяндама жасады.
Жария тыңдаулар офлайн режимде өткізілді және бір уақытта ZOOM платформасында және ТМРК-ның Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетілді, бұл мүдделі тұлғаларға нақты уақыт режимінде сұрақтар қоюға мүмкіндік берді.
Іс-шараға соңында ТМРК төрағасының орынбасары ұсынылған жобаның алдын ала екенін және түпкілікті шешім «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өтінімін ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдер мен тәртіппен мұқият қарау қорытындысы бойынша қабылданатынын еске салды.