МТЖ қызметтеріне қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жаңа тарифтері бекітілді

МТЖ қызметтеріне қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жаңа тарифтері бекітілді

Бүгінгі күні табиғи монополиялар туралы заңнамаға «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын орындау шеңберінде өңірде бір жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы деңгейінің өзгеруіне байланысты бекітілген тарифті оның мерзімі аяқталғанға дейін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізілгені белгілі.

Көрсетілген нормаларды іске асыру мақсатында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына түзетулер енгізді, онда бір жылдағы немесе аяқталған төрт тоқсандағы статистика көрсеткішін ескере отырып, өңірдегі тиісті саланың жалақысы бойынша статистика деректерінің қолданыстағы тарифінің құнын есепке алу тәртібі мен тетігі көзделеді.

Қабылданған шаралардан кейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ а.ж. наурыз айының соңында өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысын өзгерту бөлігінде 2023-2025 жылдарға арналған магистральдық темір жол желісінің (МТЖ) қызметтеріне қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бекітілген тарифтерді өзгертуге өтінім берді, онда тариф жобасы МТЖ қызметтеріне шамамен 36% өсуді көздеді.

Бұл ретте, ТМРК өсім әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қоспағанда, жүктің 22 түріне әсер етуі тиіс екенін атап өтеді, бұл олардың өсуін түпкілікті болдырмайды.

Осылайша, ТМРК ұсынылған растайтын құжаттардың негізділігі тұрғысынан табиғи монополиялар саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес субъект берген өтінімге мұқият талдау жүргізді.

Өтінімді қарау қорытындысы бойынша ТМРК «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін 2023 жылдың 27 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіле отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қоспағанда, жүктердің 22 түрі үшін 2023-2025 жылдарға арналған МТЖ қызметтеріне тарифтердің 28,4% - ға өзгеруін тек еңбекақы төлеу қоры бойынша шығыстарды қосу бөлігінде бекітті.

Бұл ретте, барлық құрамдас теміржол тарифтерін ескере отрырып, түпкілікті құнға әсер ету 8%-дан аспайтынын атап өткен жөн.