ҚОСТАНАЙДАҒЫ ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ БІРІНДЕ ЖЫЛУ ТАРИФІ АРЗАНДАЙДЫ

ҚОСТАНАЙДАҒЫ ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ БІРІНДЕ ЖЫЛУ ТАРИФІ АРЗАНДАЙДЫ

Табиғи монополияларды реттеу департаментінің ықпалымен Қостанайда жылу тарифі арзандайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзгеріс тек Береке шағын ауданын қамтиды. Мұндағы 11 көпқабатты үйдің жылу ақысы қайта есептеледі. Сөйтіп, 2 мыңдай абоненттің 9,5 млн теңгесі өтеледі. Мамандар тексеріс кезінде жылу беру ұйымының 2 жыл бойы негізсіз пайдаға кенелгенін анықтады. Тұрғындар үшін жаңа тариф сәуір айынан бастап күшіне енеді. Ол 1 жылға дейін белгіленді.

Назым Бақытжанқызы, Табиғи монополияларды реттеу департаментінің бас маманы:

- Табиғи монополияларды реттеу департаменті Береке шағын ауданы тұтынушылары үшін жылумен жабдықтау қызметіне уақытша өтемдік тариф енгізіп, негізсіз алынған табысты қайтару шарасын қабылдады. Бұрынғы тариф 3 744 теңге 71 тиын г/кал құраса, жаңа тариф 3 311 теңге г/кал құрайтын болады.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/591662-ostanajda-y-sha-yn-audandardy-birinde-zhylu-tarifi-arzandajdy