ТМРК коммуналдық қызметтердің тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өткізді

ТМРК коммуналдық қызметтердің тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін, көктемнің алғашқы айының бірінші сейсенбісінде, а.ж. 7 наурызда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық қызметтердің тұтынушылары үшін кезекті қоғамдық қабылдауды онлайн режимде өткізді.

Осындай қабылдаулар еліміздің барлық өңірлерінде Facebook-тегі ресми парақшаларда трансляциялау арқылы өтті, онда әрбір тұтынушы қойған сұрағына жауап алды.

Қабылдау бөлмесі ТМРК төрағасының орынбасары Нұрлан Булатбаевтың төрағалығымен өтті, ол сөз басында қабылдаудың барлық қатысушыларын қарсы алып, сүйкімді ханымдарды келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Бұдан әрі салалық басқармалардың басшылары газ, жылу, су, электрмен жабдықтау, сондай-ақ теміржол салалары бойынша соңғы жаңалықтарды айтып берді.

Сонымен қатар, Әдіснама басқармасының басшысы ТМРК әзірлеп жатқан заңға тәуелді актілердің жобалары және оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратпен бөлісті.