Ел өңірлерінде қоғамдық қабылдаулар өтті

Ел өңірлерінде қоғамдық қабылдаулар өтті

Бүгін, а.ж. 7 ақпанда еліміздің барлық өңірлерінде ТКШ қызметтерінің тұтынушылары үшін кезекті қоғамдық қабылдаулар өтті.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері Facebook-тегі ресми парақшаларда трансляциялау арқылы онлайн режимде тұтынушылардың сұрақтарына жауап берді.

Ведомствоның орталық аппараты реттелетін коммуналдық қызметтерге тариф белгілеу шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті.

Сондай-ақ, тұтынушылар заңға тәуелді актілерге және табиғи монополиялар туралы заңнамаға соңғы түзетулер туралы хабардар етілді.

Қабылдау ТМРК төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаевтың төрағалығымен өтті.