ТМРК: Елордалық монополистерге қатысты коммуналдық қызметтер үшін артық төлемдер фактілері бойынша тексеру жүргізілуде

ТМРК: Елордалық монополистерге қатысты коммуналдық қызметтер үшін артық төлемдер фактілері бойынша тексеру жүргізілуде

Бүгінгі таңда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің елордалық департаментіне тұтынушылардан желтоқсан айындағы электр және жылу үшін артық төлемдер бөлігінде өтініштер келіп түсуде.

Нәтижесінде, Астана қ. бойынша ТМРКД «Астанаэнергосбыт ЖШС және «Астана-АЭК» АҚ-ның атына табиғи монополиялар саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы хабарлама жіберді.

Белгілі боландай, әлеуметтік желілерде және бірқатар БАҚ-та тұтынушылар ағымдағы айда алған өткен жылдың желтоқсан айындағы жылу мен электр энергиясы үшін артық төленген түбіртектерге наразылығын білдіріп жатыр.

Бұл ретте базалық монополист-субъектілердің тарифтері өскен жоқ және бүгінгі күні бұрын бекітілген деңгейде қалып отыр.

Осыған байланысты, елорданың әрбір тұрғыны электр энергиясы мен жылу үшін жүргізілген дұрыс емес есептеулер бойынша түсініктемелер алу үшін, сондай-ақ қайта есептеу жүргізу үшін «Астанаэнергосбыт» ЖШС және «Астана-АЭК» АҚ атына жүгінуге құқылы.

Өтініштер үшін монополист субъектілердің мекенжайлары: «Астана-АЭК» АҚ - Абай көшесі, №80 ғимарат, «Астанаэергосбыт» ЖШС - Б.Момышұлы даңғылы, 4/1 үй.

«Астана-АЭК» АҚ: анықтама қызметі - 62-04-56, Басқарма Төрағасының іске асыру жөніндегі орынбасары Қожабаев Ғабидолла Нассеньевич +7 771 020 0791; электр энергиясын есептеу және есептеу қызметінің бастығы Газезов Қайролла Қапезұлы +7 776 118 7176; электр энергиясын есептеу және есептеу қызметі бастығының орынбасары Құлов Алмаз Әбдірахманұлы +7 701 515 5559, жұмыс күндері таңғы 8:30-дан 17:30-ға дейін, сондай ақ жазбаша өтінішті kancelyariya@astrec.kz электрондық поштаға жіберуге болады.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС: анықтама қызметі - 91-83-33 нөмірі бойынша, жұмыс күндері таңғы 9:00-ден 18:00-ге дейін, сондай-ақ жазбаша өтінішті электрондық поштаға жіберуге болады info@aesbyt.kz.

Монополистердің іс-әрекеттерімен келіспеген жағдайда әрбір тұтынушы Астана қаласы бойынша ТМРКД-ға жүгінуге құқылы (мекенжайы: Астана қ., Петров к-сі 5, тел.: 95-36-04. e-mail: k.kense@economy.gov.kz., https://eotinish.kz).

Монополистердің іс-әрекеттерінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, Астана қаласы бойынша ТМРКД өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, осындай жағдай өткен жылдың басында, елордалық тұтынушылар электр энергиясы үшін жоғары төлем алған кезде де орын алған болатын. Нәтижесінде, Астана қаласы бойынша ТМРКД «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на қатысты тексеру ашты және монополистке артық шоттарға шағымданған тұтынушыларға қайта есептеу жүргізуді бұйырды.

Алайда, ақшаны қайтару процесі монополистің Астана қаласы бойынша ТМРКД-ның шешімімен келіспеуіне байланысты созылды, бұл сот процестеріне әкелді.

Бірінші сатыдағы сот және елорданың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласы бойынша ТМРКД-ның пайдасына шешім қабылдады, соның нәтижесінде «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 167-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 12 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, және дұрыс есептелмеген сомаларды қайтару бұйырылды.

Алайда, бүгінде «Астанаэнергосбыт» ЖШС жоғарыда аталған сот актілері бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына шағымданды.

Бұдан басқа, 2022 жылғы желтоқсанда Астана қаласы бойынша ТМРКД «Астана-АЭК» АҚ-на қатысты «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның атына электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қатысты екі рет беру фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды және қарастыру үшін Астана қаласының сотына жіберілді.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті тұрақты негізде тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлігінде жұмыс жүргізеді және келіп түскен әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдайды.