Бүгін, 2022 жылғы 14 қыркүйекте ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Асан Дарбаев Қонаев қаласына жұмыс сапарымен келіп, «Қонаев су арнасы» МКК-ның нысандары бойынша баспасөз турына қатысты.
Баспасөз турын Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (ТМРКД) «Қонаев су арнасы» МКК-мен бірлесіп ұйымдастырды.
«Қонаев су арнасы» МКК Қонаев қаласында сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін базалық субъект болып табылатыны белгілі, сондықтан баспасөз турына қоғам және БАҚ өкілдері де қатысты.
Баспасөз турының қатысушылары сүзгі станциясы мен кәріздік сорғы станцияларына барып қайтты.
«Қонаев су арнасы» МКК-ның директоры Мәди Қырықбайұлы Темиралиев 2022 жылы сүзгі станциясы мен кәріздік сорғы станцияларында жөндеу жұмыстарының орындалуы және 2021 жылы орындалған жұмыстар туралы айтып берді.
«Қонаев су арнасы» МКК-ның өкілі сүзгі құрылыстарының жалпы жұмысымен таныстырды, онда қатысушылар ауыз суды дайындаудың барлық технологиялық циклдерін өз көздерімен көре алды, сондай-ақ №3 кәріздік сорғы станциясында жүргізілген реконструкциялау туралы білді.
Өндірістік процестерді жетілдіру мақсатында «Қонаев су арнасы» МКК-да бекітілген тарифтік смета шеңберінде инвестициялық бағдарламаны іске асыру жүргізілуде, онда сумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған жабдықтарды жаңғырту бойынша бірқатар ірі ауқымды іс-шаралар көзделген.
2021-2022 жылдары инвестиция 32,7 млн. теңге сомасына игерілді.
Инвестициялық бағдарлама трансформаторды, қысымды кәріз учаскесін ауыстыру жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ желілердің табиғи тозуын және авариялық жағдайлар санын азайтуға мүмкіндік беретін негізгі құралдарды (электродты кассеталарды, жиілік түрлендіргішті, газ талдағышты, сорғыларды, ысырмаларды) сатып алуды қамтиды.
Бүгінгі таңда субъект жалпы сомасы 169 436,58 мың теңгеге бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған жаңа бес жылдық инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді.
Келесі 2022-2025 жылдарға арналған инвестициялық салымдар мынадай іс-шараларды орындауды көздейді:
2022 жылы жоспарланған іс-шаралар:
1.Техника, жабдықтар сатып алу (экскаватор, ысырмалар).
2023 жылы жоспарланған іс-шаралар:
2024 жылы жоспарланған іс-шаралар:
2025 жылы жоспарланған іс-шаралар:
«Жақында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында желілердің тозуын азайту және салаға инвестицияларға бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Сондықтан субъект азаматтар желілердегі қандай да бір себепсіз іркілістер мен аварияларды сезінбеуі үшін қала халқын сапалы қызметтермен қамтамасыз етуі тиіс. Тұтынушылар төлейтін ақысы үшін сапалы қызметтерді алуға құқылы және алу қажет, инвестициялық бағдарламада қарастырылған іс-шаралар осы талаптың орындалуын қамтамасыз ету қажет», - деп атап өтті ТМРК-ның басшысы монополисттің барлық нысандарын тексеру барысында.
Баспасөз турлары барысында қатысушылар, оның ішінде БАҚ өкілдері кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын орындау бойынша қызықтыратын сұрақтарды және субъектінің қызметіне қатысты басқа да маңызды сұрақтарды қойды.
«Қонаев су арнасы» МКК-ның өкілдері инвестициялық бағдарлама аясында қарастырылған барлық іс-шаралар қала тұтынушыларын сумен жабдықтау және сарқынды суды бұру бойынша сапалы және үздіксіз қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп сендірді.