ТМРК бірқатар өңірлерде жалпы сомасы 9,05 млрд. теңгеге тарифтердің төмендеуін кезекті рет бекітті

ТМРК бірқатар өңірлерде жалпы сомасы 9,05 млрд. теңгеге тарифтердің төмендеуін кезекті рет бекітті

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті бұдан бұрын тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) есептеріне талдау жүргізілетіні туралы хабарлаған болатын.

Өткен айда ТМРК жалпы сомасы 6,44 млрд.теңгеге 2020- 2021 жылдарға арналған ТМС инвестициялық бағдарламасының және тарифтік сметаның орындалуы туралы есептерді қарау нәтижелері бойынша еліміздің 7 өңірінде (Нұр-Cұлтан қ, Павлодар, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары) коммуналдық қызметтерге тарифтердің төмендегенін хабарлады.

Мәселен, бүгінгі күні ағымдағы жылғы шілде айының қорытындысы бойынша 2021 жылғы есептер бойынша 13 өңірде жалпы сомасы 2,61 млрд. теңгеге уақытша өтемдік тарифтер (УӨТ) енгізілді (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары сумен жабдықтау қызметтері бойынша – 1 205 млн. тг, жылумен жабдықтау - 982 млн. тг, су бұру – 410 млн. тг, электрмен жабдықтау – 13 млн. тг, тауарлық газды тасымалдау – 3 млн. тг).

Нәтижесінде, 2022 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша бекітілген УӨТ жалпы сомасы 9,05 млрд. тг құрайды (бұрын айтылған сомаларды ескере отырып).

ТМРК монополист-субъектілердің есептерін талдау бойынша жұмыс жалғасып жатқанын және нәтижелері қосымша хабарланатын атап өтеді.