Стоимость коммунальных услуг не подорожает

Стоимость коммунальных услуг не подорожает

Өткен жылы коммуналды қызмет тарифтері біршама төмендеді. Осы мақсатта қазынадан 4 млрд. теңге бөлінген болатын. Жылумен жабдықтау 22 пайыз арзандаса, таза ауыз су бағасы 10 пайызға төмендеген. Электр энергиясы 27 теңгеден 25 теңгеге азайды. Бұл жайында Шымкент қалалық табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері баяндады.

Қазіргі таңда, Департамент 75 қызмет түрін көрсетеді. 58 табиғи монополия субектілері тіркелген. Қызметкерлердің айтуынша, 2020 жылы сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру, жылумен қамту қызметінің тарифтері тұрғындар үшін өзгеріссіз қалдырылды. Ағымдағы жылы бағаның көтерілмеуіне жол бермеуінен 2,32 млрд. Теңге үнемделген.

Айгүл Шолпанова – табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы

2019 жылы департаментке 585 тұрғын арызданған. Оның 132-сінің мәселесі мамандар міндетіне жатпайтындықтан кері қайтарылды. 141 азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, 112 шағым иесінің ісі қаралған. Осы мақсатта 36 жоспардан тыс тексеру ұйымдасытырлған. Нәтижесінде 53 әкімшілік іс қозғалып, 106 млн. Теңге айыппұл салынды.

Айгүл Шолпанова – Табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы

Қоғамда коммуналды қызмет түрлерінің қымбаттауы немесе дұрыс түсіндірілмеуінен тұрғындар арасында көп қиындық туындайды. Сондай-ақ, қызмет құнын төлеуден жалтаратындар да жетерлік. Осы түйіткілді шешу мақсатында «Атамекен» ҰКП, «Nur Otan» партиясы мен монополистер үнемі қоғамдық қабылдау өткізіп тұрады. Ал, департамент басшылығы  әр аптаның екі күнін халықтың мұқтажына құлақ түруге арнаған.

Ә.Дәулетбекқызы

Источник: http://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/kommunaldy-kyzmet-kuny-kymbattamaidy