Алматыда электрмен жабдықтау тарифтерін ішінара теңестіру қажеттілігі түсіндірілді

Алматыда электрмен жабдықтау тарифтерін ішінара теңестіру қажеттілігі түсіндірілді

Бүгін, а.ж. 1 шілдеде Алматы әкімдігінің алаңында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің және табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері тұтынушылар топтары арасында электрмен жабдықтау тарифтерін ішінара теңестірудің рөлі мен қажеттілігін түсіндіру үшін жиналды.

Билік өкілдерінен басқа, алаңда қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиналды.

Белгілі болғандай, 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде электрмен жабдықтау қызметтеріне тұтынушылар топтары арасындағы айырманы кезең-кезеңімен қысқарту және тарифтерді саралауды алып тастау көзделген.

Ағымдағы жылы аталған іс-шараны іске асыру шеңберінде Алматы қаласы, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары сияқты үш пилоттық өңір белгіленді. Өткен аптада соңғы екі өңірде дөңгелек үстелдер өтті, онда ТМРК және БҚДА аумақтық департаменттерінің өкілдері электрмен жабдықтау тарифтерін ішінара теңестіру қажеттігін түсіндірді, ал бұдан бұрын осындай іс-шара Алматы қаласында да өтті.

Осы шара тұтынушылар топтары (жеке, заңды тұлғалар және бюджеттік ұйымдар) арасындағы тарифтерді теңестіруге және тиісінше заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар үшін жүктемені төмендетуге тиіс, бұл түпкілікті тұтынушының әл-ауқатына мультипликативтік әсер етеді.

Электрмен жабдықтауға арналған төлемдер бойынша бюджет шығындарын қысқарта отырып, тарифтерді ішінара теңестіруден босаған қаражатты әлеуметтік сипаттағы шараларға, соның ішінде халықтың атаулы мұқтаж санаттарына бағыттауға болады.

Мысалға, Алматыда орташа өткізу тарифі мен халық үшін тариф арасындағы айырмашылық 15% - ды құрайды.

Тұтынушылардың топтары бойынша тарифтерді қазіргі саралау энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылары ретінде заңды тұлғалардың кету проблемасын да ушықтырады, бұл да түпкілікті тұтынушы үшін тариф деңгейіне әсер етеді.

ТМРК басшысы Асан Дарбаев баяндама жасай отырып, Энергетика министрлігі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін көтеру туралы шешім қабылдағанын айтты, энергия өндірушілерден электр энергиясын сатып алу шығындарының үлесі түпкілікті баға құрылымында айтарлықтай болғандықтан бұл түпкілікті бағаға тікелей әсер ететінін хабарлайды.

«ТМРК өз тарапынан тұтынушылар топтары арасындағы электрмен жабдықтау тарифтерін теңестіруден басқа станциялардағы тарифтердің өсуінің соңғы тұтынушыға әсер ету мәселесін пысықтауда. Алматы қаласының мұқтаж азаматтары тұрғын үй көмегін алу үшін ЖАО - ға жүгінуге құқылы», - деп атап өтті Асан Дарбаев.

Сондай-ақ, БҚДА және ТМС өкілдері өз баяндамаларымен сөз сөйлеп, электр тарифтерін қысқартуға және саралауды жоюға кезең-кезеңмен көшудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында қоғам және БАҚ өкілдері әлеуметтік сипаттағы осындай маңызды тақырып аясында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.