ТМРК «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на 5 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салды

ТМРК «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на 5 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салды

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 166-бабының екінші бөлігі бойынша инвестициялық бағдарламаны іске асыруға қолданылмаған соманың он пайызы көлемінде сомасы 5 340 143 теңгені құрайтын айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Белгілі болғандай, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тауарлық газды іске асыру саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі бола тұра шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға міндетті.

Алайда, қолданыстағы заңнама талаптарын бұзуда Қоғам 2021 жылға тауарлық газды көтерме іске асыру қызметі бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары орындамаған.