ТМРК: Еліміздің бірқатар өңірлерінде 2022 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы шамамен 4,3 млрд. теңгеге төмендетілген тарифтер бекітілді

ТМРК: Еліміздің бірқатар өңірлерінде 2022 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы шамамен 4,3 млрд. теңгеге төмендетілген тарифтер бекітілді

Табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополиялар субъектісі (ТМС) жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептер беруге міндетті.

Сонымен қатар, Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы субъектінің есебін талдауды уәкілетті органның ведомствосы, яғни Тарифтік ведомство ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жүргізеді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті ТМС-тің тарифті алу кезінде өзіне алған белгілі бір міндеттемелерін орындамауы, мысалы, жаңғырту және дамыту бойынша тарифтік реттеуші тарапынан өтемдік тарифті енгізуге, яғни игерілмеген қаражатты тұтынушыларға толық қайтарғанға дейін тарифті уақытша төмендетуге әкеп соғатынын атап өтеді.

Осылайша, ТМРК және оның аумақтық бөлімшелері бүгінгі күні 2020-2021 жылдарға арналған бекітілген тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны есептері орындау тұрғысынан қаралған монополист-субъектілердің есептерін қарады және талдады.

Бүгінгі күні есептерді қарау нәтижелері бойынша 30 ТМС бойынша міндеттемелердің орындалмағаны анықталды, оның ішінде «Астана-Энергия» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ (Нұр-Сұлтан қ.), «Талдықорғантеплосервис» КМК (Алматы облысы) сияқты ірі монополист субъектілер және басқалары бар.

Нәтижесінде, еліміздің 7 өңірінде (Нұр-Сұлтан қ., Алматы облысы, ШҚО, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы) жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау және кірме жолдарды ұсыну сияқты қызметтер бойынша жалпы сомасы шамамен 4,3 млрд.теңгеге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

Орташа алғанда қызметтер бөлінісінде тарифтердің төмендеуі:

- жылумен жабдықтау - 17%;

- сумен жабдықтау - 7,4;%;

- су бұру - 3%;

- электрмен жабдықтау - 18,6% құрады.

Сонымен қатар, ТМРК және оның аумақтық бөлімшелері монополист-субъектілердің есептерін талдау бөлігінде жұмысты жалғастырып жатқанын атап өткіміз келеді, оның нәтижелері қосымша хабарланатын болады.