ТМРК мамандары қоғамдық қабылдау өткізді

ТМРК мамандары қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті, онда салалық бөлімшелердің басшылары тұтынушылармен газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және теміржол көлігі салаларындағы коммуналдық қызметтерге тариф белгілеуге қатысты ақпаратпен бөлісті.

ТМРК салалық басқармаларының басшылары соңғы айда реттелетін қызметтер нарығында тариф белгілеу бөлігінде жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді.

Қабылдау барысында тұтынушыдан ҚР Сауда және интеграция министрлігінің құзыретіне кіретін қанттың құнына қатысты мәселе келіп түсті.

Айта кету керек, бұл қоғамдық қабылдауды тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар ведомствоның «Facebook» парақшасы арқылы тікелей эфирде көре алды.