ТМРК «Интергаз Орталық Азия» АҚ мен «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы сомасы 10 млн. теңгеге жуық айыппұл салды

ТМРК «Интергаз Орталық Азия» АҚ мен «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы сомасы 10 млн. теңгеге жуық айыппұл салды

Табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

Алайда, жоғарыда аталған норманы бұза отырып, «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «ҚазТрансОйл» АҚ электр энергиясын беру және тарату қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасын орындамаған.

Осыған байланысты, «Интергаз Орталық Азия» АҚ және  «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша жалпы көлемі 9 801 600 теңге мөлшерінде айыппұл салына отырып әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оны әрбір субъект қысқартылған тәртіппен 2 450 400 теңге мөлшерінде төледі.