ТМРК-да балаларды қорғау күнімен құттықтады

ТМРК-да балаларды қорғау күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасында жаздың бірінші күні шын мәнінде ең жарқын және мейірімді мереке – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекеленеді!

Біздің балаларымыз - біздің болашағымыз, елдің болашағы,  олар оның дамуы мен гүлденуіне ажырамас үлес қосады.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарға арнаған жаңа жылдық Жолдауында 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, балаларға ерекше назар аударуды тапсырды.

«Олардың әл – ауқаты - мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Балаларды қорғау күніне және Қазақстанда Балалар жылына орай ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті кішкентай және жас достар үшін «Балалар әлемі» - «Мир детства» суреттер байқауын өткізуді шешті, оған Комитет қызметкерлерінің балалары қатысты.    

Балалар өз суреттерінде өздерінің армандарын, бақытты өмірді қалай көретіндерін және онда өздерін қалай сезінетіндерін суреттеуі керек еді.

Бүгін, I, II және III орын алған балалар суреттері байқауының жеңімпаздары басшылық атынан естелік сыйлықтар алды.