ТМРК-да кезекті қоғамдық қабылдау өтті

ТМРК-да кезекті қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін мамыр айының алғашқы мерекелерінен кейін, ҚР ЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде ведомствоның Facebook парақшасы арқылы көрсетілетін кезекті қоғамдық қабылдау өтті.

Дәстүр бойынша ТМРК салалық бөлімшелерінің басшылары коммуналдық қызметтерінің тұтынушыларымен газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және теміржол көлігі салаларында тариф белгілеуге қатысты ақпаратпен бөлісті.

ТКШ салаларындағы тариф белгілеу туралы ақпараттан басқа, тиісті ережелер мен табиғи монополиялар туралы заңнамаға енгізілетін өзгерістер бойынша да мәліметтер айтылды, аталған өзгерістер оларды жетілдіруге бағытталған.

Сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздікке жауапты басқарма басшысы «Монополист» базасын жетілдіру туралы қысқаша айтып берді.

Қабылдау барысында сұрақтар келіп түсті, оларға салалық басқармалардың басшылары да, төрағаның орынбасары да тиісті жауаптар мен түсініктемелер берді.