ТМРК TLK Media сарапшылар форумына қатысты

ТМРК TLK Media сарапшылар форумына қатысты

Ағымдағы жылғы 28 сәуірде «TLK Media» коммуникациялық компаниясының алаңында «Теміржол саласын стратегиялық дамыту мүддесіндегі әріптестік» тақырыбында «Магистраль» сарапшы-форумының онлайн отырысы өтті, оған Табиғи монополияларды реттеу комитеті Теміржол көлігі саласындағы реттеу басқармасының басшысы Қанат Оралов қатысты.

Форум теміржол нарығының қатысушылары арасында ашық және айқын, сындарлы диалог құру мақсатында ұйымдастырылды.

Форумға қатысушылар теміржол көлігі нарығындағы мемлекеттік басқару мәселелері мен сала қатысушыларының өзара іс-қимылы кезіндегі проблемалар бойынша сараптамалық пікірлермен алмасты.

Тарифтік реттеуші өз тарапынан іс-шараға қатысушыларды теміржол саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер бөлігінде жүргізілген жұмыс туралы хабардар етті.

Қорытындылай келе, көтерілген мәселелерді өз құзыреті шегінде шешуде одан әрі ынтымақтастық мәселесі талқыланды.