«Севказэнергосбыт» ЖШС-на жылу шығыны үшін есептеуді тоқтатып, Петропавл тұтынушыларына қайта есептеу жүргізу міндеттелді

«Севказэнергосбыт» ЖШС-на жылу шығыны үшін есептеуді тоқтатып, Петропавл тұтынушыларына қайта есептеу жүргізу міндеттелді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне 2021 жылғы қарашадан бері теңгерімдік тиесілік шекарасында орналаспаған есептеу құралдары бар Петропавл тұрғындарына, жылу шығындары үшін «Севказэнергосбыт» ЖШС есептеу жүргізу заңдылығы  мәселесі бойынша Петропавл қаласының азаматтарынан өтініштер келіп түскен.

Осыған байланысты, СҚО бойынша ТМРКД реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді.

Өз кезегінде, іске қатысушы прокурор  ТМРКД-ның талап-арыз талаптарын толық көлемде қанағаттандыру туралы қорытынды берді, онда тарифтік ведомство жылу энергиясы ысырабының есептеулерін жарамсыз деп тануды, есептеулер жүргізуді тоқтатуды және Петропавл қаласының тұрғындарына 2020-2021 жылдар үшін қайта есептеу жүргізуді талап етті.

Сонымен қатар, процеске реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардан үшінші тұлғалары ретінде Энергетика министрлігінің, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, Петропавл қаласы әкімдігінің, «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС-ның өкілдері, сондай-ақ сотпен маман ретінде тартылған тұлғалар қатысты.

Мәселен, 2022 жылғы 25 сәуірде  сот өз қолданысын тоқтатқан әдістеме негізінде жылу энергиясымен жабдықтауға 2007 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жасалған шарттарда көзделген жылу энергиясы ысырабының есептеулерін жарамсыз деп тани отырып, СҚО ТМРКД-нің талап-арызын ішінара қанағаттандырды.

Сондай-ақ, сот «Севказэнергосбыт» ЖШС-нің тұтынушылардың балансындағы желілер бойынша жылу шығындары үшін есептеулер жүргізу жөніндегі әрекеттерін заңсыз деп таныды және «Севказэнергосбыт» ЖШС-на 2020-2021 жылдар кезеңінде жылу шығындары үшін есептелген соманы төлеген жағдайда, есептеу жұмыстарын тоқтатуды және сот шешімі күшіне енгеннен кейін тұтынушыларға қайта есептеу жүргізуді міндеттеді.

Бұл ретте, сот, тұтынушының жылу шығындарын төлеу міндеті көзделген «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның тұтынушылармен жасасқан жылу энергиясымен жабдықтау шарттарының талаптарын жарамсыз деп тану туралы ТМРКД-ның талабынан бас тартты.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, бұл ретте тараптар бір ай ішінде осы сот шешіміне шағымдануға құқылы.