
Монополистерге 100 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. «Бұл биылғы жылы келіп түскен 212 арыз бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижесі»- деді Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің басшысы Дархан Каинбердиев баспасөз брифингінде.
Қазіргі таңда аталған сомманың 41 млн. теңгесі өндірілген. Заңнаманы бұзушылықтарды тез арада жою туралы 35 нұсқама шығарылып, тұтынушылардан негізсіз алынған 286 млн.тенге қайтарылыпты.
Сондай-ақ, департамент басшысының айтуынша: 2020 жылы сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру, жылумен жабдықтау қызметтеріне тұрғындар үшін тарифтер көтерілмейді және қолданыстағы деңгейде қалдырылады. Әйтсе де, Дархан Әбілқасымұлы Электр станцияларымен өндірілетін электр энергиясының шекті тарифтерінің жоғарылауына байланысты электр энергиясының тарифі 2018 жылдағы деңгейге дейін жоғарылауы мүмкін екендігін де айтты.
Дархан Каинбердиев – ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы
Сумен жабдықтау, сарқынды сулар, жылумен жабдықтау қызметтерінде бізде тарифтер халық үшін өзгеріссіз қалады. Осы 2019 жылдағы қолданыстағы тариф 2020 жылы өзгермейтін болады. Газбен жабдықтау қызметі де өспейді.
Перизат Ортай